Маңғыстауда теміржолшылар президентке үндеу жасады


09/02/2024
13:43 8797 0

Фото: Reuters

 

Маңғыстауда теміржолшылар жалақыны жүз пайыз өсіруді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, президент пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания басшысына үндеу жолдады.

 

Олар ескі құрал-сайманмен жұмыс істеп жүргенін айтады. Теміржолшылар Азаттық радиосына жіберген видеода жұмыс бөлмелерін көрсеткен. Онда есігі қираған, ішінде жалғыз темір пеш пен шіріп жатқан стол, орындық қойылған үйшік бейнеленген. 

 

Бұған дейін Маңғыстау және Жамбыл облысында жұмыс істейтін жұмысшылар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов, «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев пен өңір әкімдерін мәселеге назар аударуға үндеген. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

09/02/2024 13:43
8797 0

Уведомление